Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Д.Коулз: АХҚО 2050-ші жылға қарай Қазақстанға 30 әлемдік экономикалар құрамына кіруге жол ашады

Эксклюзив
Халықаралық «Астана» қаржы орталығы Қазақстанға инвес­тициялық климатты жақсартуға, халықаралық ұстанымдарды бекі­туге, капиталды тарту әлеуетін кеңейтуге және 2050 жылға қарай, «30 әлемдік экономикалар» құра­мына кіруге жол ашады, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген Citigroup» компаниясы­ның Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі бас атқарушы директоры Джеймс Коулз.
Астана қаласы30 Мамыр , 16:07

«Қазақстан – «Citigroup үшін маңызды нарық. Біз – Қазақстанның қаржылық сек­торындағы ірі жаһандық ойын­шысымыз және осы елдегі же­тек­ші инвесторлардың біріміз. Біз­дің мамандарымыз Астананы қосқанда, 6 қалада белсене жұ­мыс атқаруда. Сонымен қатар, біз­дің компания Лондондағы, Дубай­дағы және Сингапурдегі қар­жы орталықтарымен әріптестік байланыста. Бүгінге дейінгі тәжі­ри­беміз мұндай халықаралық қар­жы орталықтарының табысы адам, инфрақұрылым және капи­тал секілді 3 маңызды факторға тікелей тәуелді екенін көрсетті», – деді ол.

Сондай-ақ, Д.Коулз «Астана» халық­аралық қаржы орта­лығының Қазақстанның және жалпы өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосатынына сенім білдірді.

«Халықаралық «Астана» қаржы орталығы Қазақстанға инвес­тициялық климатты жақсартуға, халықаралық ұстанымдарды бекі­туге, капиталды тарту әлеуетін кеңейтуге және 2050 жылға қарай, «30 әлемдік экономикалар» құра­мына кіруге жол ашады»,-деді Джеймс Коулз.




Яндекс.Метрика