Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазатомөнеркәсіп «Санды кеніш» жүйесін іске қосты

«Санды кеніш» деп аталатын жоба компанияда трансформация бағдарламасы шеңберінде әзірленді және ақпараттық жүйені білдіреді. Бұл іс жүзінде приборлар мен жабдықтардың датчиктерінен ақпаратты жинап талдауды, уран өндіру кезінде қолданылатын химиялық реагенттерінің санын алыстан бақылап реттеуге мүмкін береді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Мамыр , 15:52

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтіңайтуынша, «бұл жүйе іске қосылған бірінші еншілес кәсіпорын. Оның негізгі мақсаты –  өндірістік қызметіміздің тиімділігін арттыру. Аталған жүйе оңтайлы өндірістік процесті қамтамасыз етеді, реагенттердің үнемді шығындалуын қадағалайды, жабдықтардың тұрып қалуын қысқартады, штаттан тыс жағдайларды жедел анықтап айқындауға көмектеседі. Шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесі бойынша, өндірістің ұқсас автоматтау және бақылау процестері есебінен компания бюджеттің 15%-на дейін үнемдейді.».

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Талғат Исмағамбетов түсіндіргендей, жүйе адам факторын барынша азайтып өндірістің онлайн бақылауын қамтамасыз етеді. Жүйе өндірістік жоспарлардың орындалуын талдап, ауытқуларды уақытылы табуға мүмкін береді және ауытқу себептерін анықтауға көмектеседі. 

«Бұрын ұңғыманың өнімділігі жағдайы туралы деректерді жинақтау мен талдауға бірнеше күн кететін. Аппаратшылар барлық блоктарға барып, шығындарды өлшейтін приборлардың көрсеткіштерін жазып алатын және кезектен кейін көрсеткіштерді деректерді шоғырландыруға жауапты адамға тапсыратын. Жинақталған деректер аптасына бір рет талданатын. Мысалы, деректер келтірілген үлкен кестеге қарап өнімділік жүйелі түрде төмендеп, белгілі мөлшерден кем деңгейде тұрған ұңғымаларды анықтау қажет болатын. Бұл көп уақыт алатын, қазір оның барлығы автоматты түрде жасалады. Жүйе шығын өлшейтін прибордан көрсеткіштерді жазып алады да ұңғымалардың өнімділік қарқынын өзі бақылап отырады. Және де нормадан ауытқыған жағдайда тиісті хабарлама жолдайды. Барлық процестер минуттар ішінде орындалады», - деп түсіндірді Исмағамбетов. 

Тиісінше, Санды кеніш өндірістегі барлық датчиктерден деректерді жедел жинап қана қоймай, жүйеге түсетін барлық ақпаратты талдай алады.  

«Нәтижесінде, жүйе енгізілгенге дейін өнімділігі төмендеген сәттен бастап ұңғыманы жөндеуге бір-екі апта кететін болса, қазір ол 2-3 есе жылдамырақ жөнделеді. Бұл өндіріс тиімділігінің артуына ықпал етеді.» - деп ойын түйіндеді Талғат Исмағамбетов.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Азат Игенберлин «жүйе реагенттердің шығынын да қадағалауды мүмкін береді», деп пікірімен бөлісті. «Бақылаудағы реагенттер шамадан тыс пайдаланылып жатса, жүйе тиісті хабарлама жібереді. Бұл хабарлама жауапты қызметкердің жағдайды уақытылы анықтауына және оған ықпал етуіне мүмкіндік береді».

Сондай-ақ, «Санды кеніште» ЖПК (жабдықтарды пайдалану коэффициенті) есеп айырысу функционалы  іске асырылғанын атап өту керек, бұл жабдықтардың қаншалықты жүктелгенін  қадағалауға, тұрып қалуды төмендетуге және жөндеу жұмыстарын оңтайландыруға мүмкін береді.  

Алдағы уақытта аталған жүйе Қазатомөнеркәсіптің барлық өндірістік кәсіпорындарына енгізіліп,  мультипликативті әсер туындайды. Өндірістік көрсеткіштер мен тиімділік сапалы жаңа деңгейге шығарылады деп күтілуде.  

 




Яндекс.Метрика