Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан ресейлік мұнай жеткізу көлемін Қытай бағытына 3 млн тоннаға ұлғайтуға дайын (ФОТО)

«ҚазТрансОйл» АҚ ресейлік компанияларға Қытай бағытына мұнай жеткізуді 3 миллион тоннаға көбейтуді ұсынды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директорв Нұртас Шманов 2016 жылы 27 мамыр айында «ҚазТрансОйла» АҚ-ның акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы 30 Мамыр, 12:58

«Бүгінгі күні Ресей аумағынан ҚХР-ға транзиттелетін көлем – ол Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес 7 млн тоннаны құрайды. Ұлғайтуды қамтамасыз етуге біз дайынбыз және ешбір техникалық әрекетсіз 10 млн тоннаға дейін көтеруге дайынбыз»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, аталмыш сауал  ресей компанияларына тарифтік кеңейтілуге бағытталған және әзірше оның жауабы жоқ.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасы өз сөзінде аумақта мұнай көлемін сатып алу бойынша бағалық саясат өзінше анықталғанын айтып өтті.

«Барлық басқа сатып алушылар үшін жасалған бағаны сатып алу, әрине нарық бағасынан өзгешеленеді. Осыған орай, қазақстандық тарапынадағы тау-кен компаниялар Қытайға қозғалуға қызығушылық жасамайды, өйткені Каспий Құбыр Консорциумы бар, Атырау-Самар, Кавказ атры дәлізі бар және оның барлығы әсер етеді»,-деді ол.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры, Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай тасымалдау компаниясы бойынша ұлттық операторы.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Шыңғыс Каппаров





Яндекс.Метрика