Адами капитал

12 жыл ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық 50 %-дан астамға қысқарған – ҚР ІІМ

Егер 2004 жылы кәмелетке толмағандар арасында 6,5 мың қылмыс жасалса, өткен жылдың қорытындысы бойынша – шамамен 3 мың қылмыс жасалған, яғни 50 пайыздан астамға дейін қысқарған, деп ҚР ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы30 Мамыр , 12:37

«Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жағдайына жедел профилактикалық шаралар мен акциялар оң әсерін береді. Өз кезегімізде, жаз айларында «Жұмысбастылық» және «Түңгі қаладағы балалар» атты акциялар өткізу жоспарланған. Акция ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуға жұмылдыратын болады, сонымен қатар жаз айларында қылмыстық істі болдырмау мақсатында ұйымдастырылады»,-деді Ә.Оспанов.

Оның айтуы бойынша, білім беру ұйымдарында құқықтық мәселелер бойынша 40 мыңнан астам лекциялар өткізілген.

«Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың саны 5 млннан астам. Жасөспірімдердің жыл сайын санының артуына қарамастан, жыл сайын жасөспірімдер арасында қылмысты 6 пайызға дейін төмендетудеміз. Егер 2004 жылы кәмелетке толмағандар арасында 6,5 мың қылмыс жасалса, өткен жылдың қорытындысы бойынша – шамамен 3 мың қылмыс жасалған, яғни 50 пайыздан астамға дейін қысқартылған»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика