Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысында 2016 жылы 100,3 млрд теңгенің 93 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Ақмола облысында 2016 жылы 100,3 млрд теңгенің 93 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы кәсіпкерлік пен өндіріс облыстық басқармасының жетекшісі Б.Мұстафин облыс әкімі С.Кулагиннің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.
Ақмола 30 Мамыр, 15:03

Б.Мұстафиннің айтуынша, ИИДМБ аясында 93 жобаның 19 жобасы 76 млрд теңгеге жүзеге асырылып жатыр, ол 1637 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бірінші жарты жылдықта 2 жоба жүзеге асырылды: ҚазАрт – Аршалы ауданы – МӨЗ, Степногорск – «Астана Ойл».

Индустриаландыру картасынан тыс 24,3 млрд теңгенің 74 жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Ол 1,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның 17 жобасы 2,9 млрд теңгеге жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлікті қолдау картасына енген соң әлеуетті жобалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазір картаға енгізу барысында 9,3 млрд теңгенің 6 жаңа жобасы қарастырылуда.

Аймақ басшысы барлық жобалардың жүзеге асырылуы туралы күнделікті есеп тапсырылуын тапсырды. 





Яндекс.Метрика