Адамзаттық капитал

Омбудсмен мен ЮНИСЕФ 2016-2017-ші жылдардың ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный мен БҰҰ-ң Қазақстандағы Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный 2016-2017-ші жылдарға арналған екі мекеме арасындағы ынтымақтастық жұмыс жоспарына қол қойды.
Астана қаласы30 Мамыр , 16:23

Аталмыш құжат аясында балаларды зорлауға қатысты отбасында және балалар үшін әділ сот жүйесінде, мекемелерде бала құқығы мониторингі тетіктерін құру, дивергенция бойынша ақпараттық материалдарды дайындау, пробациялар, бас бостандығынан айыруға балама болатын шаралар, жәбір көрген балаларға қолдау көрсету және бейімдеу сияқты күрделі мәселелерге баға беру зерттеуі жүргізіледі деп күтілуде, деп хабарлады ҚР адам құқығы жөніндегі уәкілет аппаратының баспасөз қызметі.

Аталмыш жобаның негізгі серіктестері ретінде Білім және ғылым министрлігі мен Жоғарғы сот қарастырылған. Шараны жүзеге асыруда орталық мемлекеттік органдар да атсалысады. Айталық Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері, балалар мекемелері және үкіметтік емес ұйымдар қатысатын болады.

Жоспар екі жылда жүзеге асатын болады. 




Яндекс.Метрика