Адамзаттық капитал

Екі мыңнан астам мектеп полиция инспекторы оқушылардың тәртібін қадағалайды – ҚР ІІМ

Республика бойынша мектептерде 2 мыңнан астам мектеп полиция инспекторлары жұмыс істейді. Олардың қатысуымен 4 мың жас полицейлер мектеп жасағының жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювенальді полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов ОКҚ-дегі Балаларды қорғау күніне арналған баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Мамыр , 12:14

«ІІМ-ң басты міндеттерінің бірі балалардың құқығын және жасөспірімдердің заңдық мүддесін қорғау болып табылады. Осы бағытта заңнамалық деңгейде көптеген жұмыстар атқырылды. Атап айтар болсақ, ойын-сауық мекемелері иелеріне жауапкершілік енгізу, жасөспірімдердің тұрғын үй емес орындарда жүруіне байланысты ата-аналрдың жауапкершілігін енгізу, балаларды төсек қатынасына мәжбүрлегени қылмыскерлердің жазасын қатайту, жасөзспірімдерге қатысты еңбек заңнамасын бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты шаралар қолға алынды», деді А.Оспанов.

Сонымен қоса оның атап өтуінше, ҚР ІІМ-ң заңнамалық бастамасымен қатар ұйымдастырылған және тәджірибелік шаралар қолданылуда.

«Өзара іс-қимыл аясында түрлі ведомствоаралық жоспарлар да жүзеге асуда. Онда құқық бұзушылық профилактикасы мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты ескерту бойынша бағдарлама лер мен бұйрықтар орындалуда. Республика бойынша мектептерде 2 мыңнан астам мектеп полиция инспекторлары жұмыс істейді. Олардың қатысуымен 4 мың жас полицейлер мектеп жасағының жұмысы ұйымдастырылды. Балалардың құқықтық сауатын арттыру үшін олардың ата-аналарына тақырыптық акциялар, интернет-конференциялар өткізіліп, әлеуметтік роликтер жасалуда»,-деді А.Оспанов.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика