Экология

Орталық Азия мемлекеттерінің Министрлері орман шаруашылығы мәселелерін талқылады

Астана қаласында 30-31 мамыр аралығында орман саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша Орта Азия елдерінің бірінші министрлер конференциясы өтеді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Мамыр , 14:32

Конференцияға ҚХР, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік органдарының басшылары қатысады.

Конференция барысында орман шаруашылығы саласындағы трансшекаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарлама мен жобаны және ғылыми зерттеулерді іске асыру мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, қатысушылар өздерінің әріптестерін  ормандылықты ұлғайту, орман аурулары мен зиянкестерін, заңсыз ағаш кесулерді азайту, орман өрттерін болдырмау жөніндегі іс-шараларды күшейтуге шақырады.




Яндекс.Метрика