Инвестициялар

Н.Шманов: «ҚазТрансОйл» АҚ жылдық дивидендінің төлемі 27 маусымнан басталады

«ҚазТрансОйл» АҚ бір акциясының дивиденд көлемі осы жылы 133 теңге немесе 18,3 пайызды құрайды. «ҚазТрансОйл» АҚ жылдық дивидендінің төлемі 27 маусымнан басталады, деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Нұртас Шманов компанияның жылдық қорытындысына арналған отырыста.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:42

« «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері компанияның 2015 жылғы кірісін жұмсау кездесін әзірлеп, 2015 жылғы дивидендтерінің акцияларын нақтылау көлемі шешілді. Акционерлердің шешімі бойынша бір акция дивидендінің көлемі 133 теңге немесе 18,3 пайызды құрады», - деді ол.

Дивидендтердің ортақ сомасы 51 156 534 667 теңгені құрады. Оның ішінде – 44 712 936 000 теңгесі немесе 100 пайызы 2015 жылғы кіріс болып табылады, ал 6 443 598 667 теңге өткен жылдардағы үлестірілмеген қызмет қаржысы.

«Бұл дивидендтердің соңғы  3,5 – 4 жылдағы ең максималды деңгейі болып саналады. Жылдық дивидендтің төлемі акционерлерің реестріне байланысты сатылады. Яғни, 27 маусымнан басталады», - деді Н.Шманов.

Айта кетейік,  «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика