Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ұлт жоспары: ШҚО-да жыл басынан бері бұрын қамауда болған 50 адам жұмысқа тұрғызылды

2016 жылы ШҚО-ның халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыспен қамту бойынша мәселемен бұрын қамауда болған 111 адам келген. Нәтижесінде, тұрақты жұмыс орнына-23 адам, қоғамдық жұмысқа қатысуға-24адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам тұрғызылды.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 15:19

Бұрын түрмеде отырған адамдарға жұмысқа тұруға көмек көрсету, қала мен аудан тұрғындарын жұмыспен қамту орталықтарының басым істерінің бірі болып табылады. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамдарды тұрақты жұмыс орындарына тұрғызады, деп ШҚО ақпарат орталығы хабарлайды.

ШҚО-ның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында хабарлағандай, қалалар мен облыс аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарымен түрмеден босатылып, сынақта тіркелген адамбар бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 33 қадамын іске асыру бойынша жұмыс енгізілуде.

Сонымен қатар, қала мен облыстың жұмыспен қамту орталығына 102 адам жүгінген. Олардың ішінде тұрақты жұмыс орнына – 21 адам, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға -46 адам, оқытуға-1 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам тұрғызылды.

Ағымдағы жылы «Жұмыпен қамту жол қартасы -2050» бағдарламасы аясында бағдарламаның қатысушылар құрамына түрмеден шыққан 14 адам кірген. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика