Қазақстан және БҰҮ

Қазақстан лаңкестікпен күрес бойынша БҰҰ-ң 19 конвенциясының 15-ін ратификациялады – ҚР СІМ

БҰҰ аясында лаңкестікпен күрес түрлерін қарастыратын 19 түрлі конвенция бар. Қазақстан солардың 15-ін ратификациялады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:09

«Біріккен ұлттан ұйымы аясында  лаңкестікпен күрес түрлерін қарастыратын 19 түрлі конвенция бар. Бұл 19 халықаралық құралдың Қазақстан бүгінгі таңда 15-ін ратификациялады, ал қалған 4 конвенция бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жақын уақытта біздің елдің тарапынан олар да ратификацияланатын болады»,-деп түсіндірді ОКҚ-де Е.Ашықбаев.

Бұдан бөлек, министр орынбасары бір апта бұрын Қазақстанға өзінің мониторинг жүргізу халықаралық міндетін атқару мақсатында келген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы директорат миссиясын атқару жұмысы аяқталғанын атап өтті.

«Аталмыш миссияның бағасы мен алдын ала нәтижесі біздің қолымызда екенін атап өткім келеді. Миссия тек БҰҰ өкілдерінен ғана емес, сонымен қатар құрамында ЕҚЫҰ мен Интерполдан бастап барлығы 10 халықаралық ұйым өкілдері болды. Сарапшылар халықаралық конвенциялардың заңнамалық тұрғыда да, тәжірибелік жағынан да жақсы қолданылып жатқанын көріп, жоғары бағалады»,-деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.  




Яндекс.Метрика