Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбеде бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам жұмыс орыны ұсынылды

Ақтөбеде қала күніне орай орталық стадионда бос орындар жәрмеңкесі өтті.Қаланың 40 кәсіпорны мен ұйымы 421 бос орын ұсынды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе30 Мамыр , 14:47

Ақтөбеліктер жәрмеңкеге белсене қатысты. Қалада бұрынғыша дәрігер, инженер, тігінші, аспаз, кондитер, газ электр дәнекерлегіштері сұранысқа ие.

Сондай-ақ жәрмеңкеге ауылдық округтерден 8 ақтөбелік қатысты. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша шағын кредиттер алып, өз істерін табысты дамытуда.

“Биыл бізде халыққа шағын кредит беру оң серпін тапты. Бұл үшін ақша бар. Биыл шағын кредитке 135 млн теңге бөлу жоспарланған. 5 адам кредит алса, 7 адамның жобасы келісуде жатыр”, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Нәйля Бөртібаева. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика