Халықаралық интеграция

Қазақстан делегациясы Стамбұл бағдарламасы бойынша БҰҰ-ң конференциясына қатысты

Түркияның Анталия қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев нашар дамыған мемлекеттер үшін Стамбул бағдарламаларын жүзеге асыру барысын бойынша өткен Жоғары деңгейдегі ортамерзімді конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Әлемде30 Мамыр , 11:57

Конференцияға қатысушылар  нашар дамыған 48 ел мәселесін талқылады. Сонымен қатар, соңғы 5 жылдағы қабылданған шараларды сараптап, тұрақты даму жолында жасалуы керек мәселелерге де тоқталды.

Конференция жұмысына  БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Могнес Люккетофт, БҰҰ даму бағдарламасының әкімшісі Хелен Кларк, нашар дамыған елдер, дамушы елдер, теңізге шыға алмайтын және шағын аралда дамушы мемлекеттер мәселесі бойынша  Жоғары өкіл Гьян Чандра Ачарья, сонымен қатар, мыңдаған үкімет делегаттары, халықаралық және аймақтық ұйымдар, азаматтьық қоғам мен БАҚ-ы қатысты.

Е.Ашықбаев біздің ел барлық бастамаларды қолдайтынын және БҰҰДБ аясында LDC елдеріне көмек көрсетуде Қазақстанның рөлі туралы да айтып өтті. Сонымен қатар ол, Ауғанстандықтардың еліміздің үздік жоғары оқу орындарынан мамандық игерулері үшін көмек көрсетіп жатқанын да атап өтті.

Конференция аясында Е.Ашықбаев Конго, Камерун, Сьерра-Леоне сыртқы істер министрлерімен, Гамбия сауда министрімен, Швеция сыртқы істер министрінің орынбасарымен және басқа да әріптестерімен   екі жақты кездесуле өткізді.




Яндекс.Метрика