Ұлтаралық бірлік

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар съезінің алда болатын тақырыбын Хатшылықтың отырысында бекітеді

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар Съезі Хатшылығының жұмыс тобы өз қызметін бастайды, оның бірінші отырысы 1 маусым айында жоспарланған, деп ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы30 Мамыр , 10:23

«Дін лаңкестікке қарсы» атты алда болатын конференциясымен бірге осы күні  Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының съезi аясында маңызды іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, бүгін өз қызметін съезд Хатшылығының жұмыс тобы бастайды және бірінші отырыстары 1 маусымға жоспарланған»,-деді ол.

Вице-министрдің айтуы бойынша, күн тәртібінде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының 5-ші съезiнің қорытындысы айтылады.

«Сонымен қатар, алтыншы съезге дайындық жұмыстары атқарылып жатыр, ол 2016 жылы Астана қаласында өтеді және ол жерде алдағы уақытта өтетін съездің тақырыптары мен секциялық отырыстары талқыланады»,-деп толықтырды ол.

Естерінізге сала кетейік, Астана қаласында «Дін лаңкестікке қарсы» атты халықаралық конференция өтеді. Оған көптеген елдердің депутаттары, әлемдік конфессияның өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

 

 




Яндекс.Метрика