Адамзаттық капитал

Алматыда «Bolashak Business» жас кәсіпкерлер мен стартаперлердің I Форумы өтті

Алматыда «Bolashak Business» жас кәсіпкерлер пен стартаперлердің I Форумы өтті. Әкімдік хабарлағандай, шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, «Болаша» қауымдастығының 15 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» жобасы аясында өтті.
Алматы қаласы 30 Мамыр, 11:24

Қала әкімі Б.Байбек «Bolashak Business Fair», көрмесіне барды, болашақтық кәсіпкерлер өкілі «Adili», «Almacloud», «Red Dragon», «Scoopers», «ZeroToOneLabs.com», «Golden Eagle», «FitnessBlitz» брендтерін таныстырды.

«ҚР Президентінің саясатына орай біздің жастар көптеген жетістікке жетуде. Алғашқы жылдары республикада мемлекеттік қызметті жетілдіру қажет болды. Бүгін даыған 30 елдің қатарына ену мақсаты тұрғанда қуатты бизнес керек. Бүгінде ол үшін барлық жағдай жасалған, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, олардың санеы 10 мың адам елдің дамуына үлес қосуы керек. Өндіріс пен сапалы білім мен бәсекелестік Қазақстан үшін қолайлы жағдай жасайды», - деді Б.Байбек.

Айта кетерлігі, «Болашақ» бағдарламасы түлектері құрған компаниялар құрылыс, мейрамханалық бизнес саласында жетекші рөлге ие. Сондай-ақ, Болашақ қауымдастығы қазақ тілін үйрету бойынша жүйелік жұмыс әзірлеуде. Бес жыл ішінде «MARWIN» компаниясымен бірігіп ағылшын тілінен 15 голлливудтық блокбастер аударылды. 





Яндекс.Метрика