Ұлтаралық бірлік

Г.Ким: «Дін лаңкестікке қарсы » конференциясы өткір саяси мәселелер бойынша Қазақстанның позициясын көрсетеді

«Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы өткір саяси мәселелер бойынша Қазақстанның позициясын көрсетеді, деп Парламент Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Георгий Ким ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы30 Мамыр , 09:52

Естерінізге сала кетейік, Астанада «Дін лаңкестікке қарсы» конференциясы өтеді, конференцияға әр түрлі елдердің парламентариаттары мен әлемдік конфессияның өкілдері қатысады.

«Алда болатын конференцияның өзектілігі, ол-бүгінгі күні лаңкестік мен экстремизм әлемдік қоғам үшін көлемді қауіп-қатерге айналуда. Өйткені олар мемлекеттің аумағынан шығуда және жыл сайын тұрақтылық пен ұйымдастырушылық қабілетіне ие болуда. Көптеген қылмыстар жалған діни ұрандар астында жасалған және өкінішке орай, кедей елдерді ғана емес, сонымен қатар бай мемлекеттің өзінде осындай қылмыстар жасалуды»,-деді Г. Ким.

Оның айтуы бойынша, Астанада өткен АЭФ-2016-да экономикаға кейбір кедергі жасайтын жағдайлар экстремизм және лаңкестікпен байланысты екендігі айтылған.

«Алда болатын конференция Қазақстанның осы бағыттағы мәселесін айқындайды және саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығы этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімсіз мүмкін емес. Сол себепті бізідің елімізде бейбітшілік пен келісім шаңырағында 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүруде және 17 конфессия болып, өзара бір-бірімен қарым-қатынас жасауда»,-деді Г. Ким.




Яндекс.Метрика