Адами капитал

Алматыда ҚР мемлкеттік күзет қызметіне жаңадан шақырылған 285 сарбаз ант қабылдады

Алматыда Қазақстан Республикасының мемлкеттік күзет қызметі өз қатарларын еліміздің барлық аймағынан шақырылған 285 сарбазбен толықтырды.
Алматы қаласы 30 Мамыр, 10:53

Қала әкімдігі хабарлағандай, аталмыш шараға ҚР мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы, қала әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар, сарбаздардың жақындары, ата-аналары, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер қатысты.

ҚР МКҚ-ң бастығы, генерал-майор Амантай Күреңбеков жаңадан шақырылғандар мен олардың ата-аналарына қарата әскери қызметшілердің жаңа толқыны, сонымен қатар, олардың алдындағылар Мемлекет басшысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздердің  балаларыңызға әскери тәртіпті сақтау мен өте мұқият болу сияқты үлкен жауапкершілік жүктеледі»,-деп атап өтті А.Күреңбеков.

Қала Әкімі Б.Байбек Қазақстан ұлттық Қарулы күштерін дамытып, тиімді қорғанысты қамтып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда кәсіби әскер қалыптасты, дәл уақытында әскери доктрина қабылданды, әскери қызметшілер үшін барлық жағдай жасалды, деді. 





Яндекс.Метрика