Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ Бас хатшылығының арнайы өкілі ҚР Президентінің бастамасын жүзеге асыруда тығыз ынтымақтасуға дайын

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшылығының арнайы өкілі, Орталық Азиядағы Аймақтық ескертпелі дипломатия орталығының басшысы Петро Драгановпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Әлемде30 Мамыр , 09:21

Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның, әсіресе Ауғанстанның бүгінгі жағдайы мен болашақтағы даму жағдайларының перспективаларын талқылады. Негізгі талқыланған жағдай трансшекаралық қарсы әрекет ету бойынша ынтымақтастық пен лаңкестік, экстремистік және наркотрафик қауіптеріне байланысты болды.

Е.Ыдырысов кездесудегілердің назарын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015-ші жылдың қыркүйек айындағы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясында жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіне аударды. Ол аталмыш бастаманың БҰҰ-ң 100 жылдық мерейтойында ядролық қарудан босау, әлемнің жетістігі бойынша ұйым жоспары үшін маңызды екенін ескертті.

П.Драганов бұл идеяны дұрыс қабылдап, Қазақстан басшысының бастамасын қолдап, бірге жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика