Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KADEX-2016» көрмесінде алғаш рет қазақстандық парашюттік-тежеуіш жүйелері ұсынылады

Төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне санаулы күндер қалды. Бұл көрмеде қазақстандық қорғаныс өндірушілері өздерінің тың жаңалықтарын көрсетеді, деп хабарлайды әскери ведомство.
Астана қаласы 28 Мамыр, 15:59

«ARMYTEX» қазақстандық компаниясы   МиГ-29, МиГ-31, Су-25 және Су-27, Су-29 маңдайшептік авиацияның ұшақтарына арналған парашюттік-тежегіш жүйелерін ұсынады. Парашюттік-тежеуіш жүйесі көліктік құралдарды тежеу және дөңгелектердің тежегіш жүйесін жүктен босату үшін арналған. Жасанды төмендету арқылы тежеу кезінде жүрістің қашықтығын азайтады. Кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 300-ге дейін парашюттік-тежегіш жүйелерін шығаруға мүмкіндігі бар. Осылайша, ҚР Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығын төлығымен өтейді және аталмыш бұйымдардың экспорттық әлеуеті құрылады. Компания аталған өнімді ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін шығаратынын және халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Алдағы «KADEX-2016» көрмесі отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен даму перспективасын кеңейтеді. Одан басқа, көрме елімізге ірі шетелдік әзірлеушілер мен әскери және арнайы мақсаттағы өнім өндірушілерін тартуға септігін тигізеді. Соңғы деректерге сәйкес биылғы жылы 43 елдің қорғаныс компаниялары өздерінің жетістіктерін көрмеде паш етеді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика