Инвестициялар

Қазақстанда канадалық технологияны пайдаланатын уранды тазартатын зауыт салу жоспарлануда

Қазақстан Канаданың технологияларын пайдалана отырып, уран тазартатын зауыт салу жоспарлануда. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы, Іскерлік кеңестің Қазақстан тарапынан тең төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Астана қаласы28 Мамыр , 11:49

«Қазір уранды терең өңдеу бағытын қарастырып, қызықты бір жобаны жүзеге асырғымыз келеді.  Канада технологиясын пайдалана отырып, Қазақстан аумағында уранды тікелей тазартатын зауыттың құрылысы - біз үшін стратегиялық жоба. Сондықтан, қазір жан-жақты экономикалық салымдарды қарастырып, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына пайда әкелетін, жалпы, өзін-өзі ақтайтын зауытқа айналдырғымыз келеді. Зауыттың құрылысы Қазақстан мен Канаданың атом саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарып, стратегиялық әріптестігімізге жаңа серпін береді деп үміттенеміз», - деді ол іскерлік кеңестегі баяндамасында.

Ал, журналистердің сұрағына жауап бере келе, А.Жұмағалиев зауыттың құны мен құрылыс кезеңі техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болған соң белгілі болатынын айтты.

«Әрине, техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап жатырмыз. Осы құжат дайын болған соң зауыттың құрылысы басталады. Қазақстанда осындай зауыт болғанын қалаймыз, экономикалық тиімділігі де маңызды. Зауыт Өскеменде салынады. Өздеріңіз білетіндей, Өскемендегі Үлбі зауыты біздің атом өнеркәсібінің үлкен жасағы», - деді А.Жұмағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Канада Сыртқы істер министрінің 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары кезінде екі тарап атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімге қол қойған болатын.




Дерекнама

Яндекс.Метрика