Басқару

Б.Сағынтаев: Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері халықпен кездесу үшін аймақтарға баратын болады

Премьер-Министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Жер реформасы бойынша Комиссия отырысы барысында комиссия мүшелерінің келесі аптадан бастап аймақтарға шығаитынын мәлімдеді. Ола ең бірінші Ақмола облысына баратын болды.
Астана қаласы28 Мамыр , 11:24

«Біз ақырындап жүйелі жұмысқа келе жатырмыз. Біздің міндетіміз – барлық ұсыныстар мен пікірлерді халыққа жеткізу. Комиссияның келесі отырысын аймақтардағы кездесуден бастауды ұсынамын. Тағы қосалқы топ құрып аймақтарға бару керек. Оның кестесін әзірлеуіміз қажет. Шамамен бұл маусым айында басталады. Осы айда бірнеше сапарды жоспарлап, ал, тамыз айында түйінді шешіммен оралуымыз керек. Менің ойымша, халықпен кездесуді Ақмола облысынан бастаған дұрыс. Жұмысты жақын облыстардан бастау керек»,-деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, аймақтардағы барлық мүдделі тұлғалар қатысулары керек, аграрлық және бизнес секторлардың өкілдері бас қосуы қажет.




Дерекнама

Яндекс.Метрика