Басқару

Б.Сағынтаев: Қазақстандықтар Жер реформасы бойынша құрылған комиссиядан ғаламдық шешім күтеді

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті үшінші отырысы өз жұмысын бастады.
Астана қаласы28 Мамыр , 10:36

Еске сала кетейік, комиссияның үшінші отырысы шетелдік тұлғаларға жерді жалға беру мәселесіне арналған болатын. Бірақ, Б.Сағынтаев басқа мәселелерді талоқылауды ұсынды.

«Бізде бүгінгі таңда тағы бір өзекті тақырып бар – бұл шетелдік компаниялардың заңды тұлғалары 49 %-ды құрайтыны. Олардың да жерді жалға алуға құқықтары бар. Бұл мәселені бөлшектей бермейік, оларды да қараймыз. Өткен жолы біз төрт жұмыс тобын құрып, оның басшыларын анықтаған болатынбыз. Сол топ басшылары өз жұмыстарынан ақпараттандырса деп едім. Біз қоғамдық кеңес өкілдерімен бірге бірнеше отырыстар өткіздік. Осы аптаның басында облыс басшылары Астанаға келді. Біз бірге өзекті деген мәселелерді талқыладық»,-деді Б.Сағынтаев.

Қатысушылар күн тәртібімен келісті. Б.Сағынтаевтың сөзінше бүгін отырысқа 62 адам қатысып отыр. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары азаматтардан түскен үндеулерге де назар аударды.

«Бәрі өз пікірлерін айтты. Адамдар бізден жаһандық шешім күтіп отыр. Біз қысқа мерзімде барлық мәселені шешіп, өз шешімімізді ҚР Парламентіне ұсынумыз керек»,-деді ол.




Яндекс.Метрика