Ұлттың денсаулығы

Д.Крол: Универсиада 2017 – Алматы мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа тармағы

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролді қабылдады.
Алматы қаласы28 Мамыр , 10:04

Әкім АҚШ қорғаныс Министрлігінің нашаға қарсы күрес Бағдарламасы бойынша ҚР-ы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Кинология орталығы үшін Алматыда оқу- тұрғын кешенін салуға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ үкіметі бұл жобаның техникалық құрылымын (ЖСҚ-ды жасау мен 2 қабатты оқу корпусының құрылысын қаржыландыру) ҚР-ның үкіметіне тегін берген болатын. Нысан құрылысы 2013 жылы басталып, АҚШ Армиясының инженерлер Корпусымен жүзеге асты.

Б.Байбек Алматы Қазақстанның қаржы, ғылым және туризм орталығы болып табылатындығын айтты. Мегаполистің барлық бағыттар бойынша жұмыс істеуге ашық екендігін жеткізді. Бүгінгі күні Алматыда 159 біріккен және 209 АҚШ капиталымен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында 129,9 млн. АҚШ долларын құрады. Әкім америкалық бизнесмендердің еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Қазақстанның алғашқы инвесторларының бірі екендігін атап өтті. Дегенмен, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары әлі толық пайдаланылмай келе жатқандығы да сөз болды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін АҚШ компанияларының «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен Индустриалды аймаққа белсенді түрде қатысуының маңызы зор.

Өз кезегінде АҚШ-тың дипмиссиясы Алматының 1000-жылдығымен құттықтады және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

«Алматының инфрақұрылымы бізді қызықтырады. Мұнда әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер мен мейрамханалар жеткілікті. Халықаралық капитал мен жеке бизнес үшін барлық жағдайлар жасалған. Алматыда туризмді дамытуға біз ынталымыз. Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиада мен Астанада өтетін ЭКСПО екіжақты ынтымақтастықты дамытуға оң ықпал ететін болады», - деді Джордж Крол.




Яндекс.Метрика