Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KADEX-2016» көрмесінде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің су жаңа ұшақтары көрсетіледі

Астанадағы авиациялық базаға халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылатын авиациялық техниканың ұшып өтуі жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ-і.
Астана қаласы 28 Мамыр, 11:03

«KADEX-2016» көрмесінде  ҚР Қарулы Күштері алғаш рет Су-30СМ ең заманауи жауынгерлік ұшақтарын ұсынады. Бүгінгі таңда аталған үлгі әлемдегі үздік көп функционалды жауынгерлік ұшақ болып табылады. Ми-171Ш су жаңа көліктік-жауынгерлік тікұшақтың көрсетілімі де қызықты болмақ.  Талдықорған және Шымкент әуеайлақтарынан «KADEX-2016» көрмесінде көрсетілетін Су-25, Су-27 ұшақтары қайта орналастырылады. 19132 әскери бөлімінің жеке құрамы аталмыш көрмеге ұшып келген экипаждарды қарсы алды. Су-27 ұшағының тізгінін ұстаған Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов бірінші болып қонды. Су-30СМ су жаңа ұшағында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов полковник Қайрат Баймахановпен бірлесе жоғары пилотаж фигураларының кешенін, яғни, «Нестеров ілмегін», «бөшкені», «бұрылысты» және «жауынгерлік бұрылысты» орындады. Бүгінгі күні ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркі қазіргі заманғы әскери техникамен жабдықталған. МиГ-31 тосқауылшы жойғыштары, Су-27 көп межелі жойғыштары, МиГ-29 маңдайшептік жойғыштары, Ан-12, Ан-72, С-295 әскери-көліктік ұшақтары, Ми-8, Ми-17В-5 тікұшақтары, ЕС-145 Еурокоптер мен Ми-26, UH1-II «Хьюи» - мұның барлығы әскери ұшқыштардың арсеналында бар нәрсе. «KADEX-2016» көрмесі 19132 әскери бөлімінің базасында өтетінін естеріңізге сала кетейік.  Онда әртүрлі елдердің әскери өнімі ұсынылады. Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар қорғаныс секторы кәсіпорындарының жаңа әзірлемелерінің экспозициясымен танысып қана қоймай, сонымен бірге қазақстандық армияның жарақтандыруында тұрған әскери техниканы бағалауға мүмкіндік алады.

 





Яндекс.Метрика