EXPO-2017

Финляндия Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Финляндия үкіметі Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін ресми шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Әлемде28 Мамыр , 15:34

ФР-ң экономика министрі Олли Рен мен сыртқы сауда министрі Ленит Тойвакканың пікірлерінше, аталмыш шешім Финляндияның Қазақстанмен жаңа жан-жақтылы ынтымақтастыққа талпынып отырғанын білдіреді. Қай жерде энергетика, энергия үнемдеу мен жаңа технология болса, сол жер басым бағыт болып табылады.

«Финляндия әлемдегі энергетика дайындау мен «таза» технология саласы бойынша көшбасшы орында. Елдің тәжірибесі мен жетістігі ЭКСПО-2017 көрмесіндегі финдік павильонда көрсетілетін болады. Көптеген финдік энергетикалық компаниялар Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатыр. Біздің көрмеге қатысуымыз Орталық Азияның іскерлік ортасының қызығушылығын кеңейтеді, деп үміттенеміз»,-деп атап өтті О.Рен. 




Яндекс.Метрика