Инновациялар

Д. Френкель: АХҚО Қазақстанның қаржы архитектурасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

«Астана» халықаралық қаржы орталығы еліміздің қаржы архитектурасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «JPMorgan Chase International» Директорлар Кеңесінің төрағасы Джейкоб Френкель мәлім етті.
Астана қаласы27 Мамыр , 18:12

«АХҚО-ның Қазақстанға маңызды ерекшеліктерінің бірі, жергілікті банктердің қабілетін шектеу арқылы және басқа да ірі институттар арқылы монополиялық тұтқаларды пайдалану арқылы отандық қаржы нарығын тәртіпке келтіру. Несиелік нарықта бәсекелестікті төмендету нәтижесінде, несиенің физикалық шектеулері аясында пайыздық ставкалардың өсуі аңғарылады, оның аясында кез келген ставкалар бойынша қарыз алушылардың жекелеген санаттары қаржыландыруға қол жеткізе алмайды»,- деді сарапшы.

Оның айтуы бойынша, АХҚО алаңында қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі пайыздық спрэдтің төмендеуіне әкеледі, қаржы ресурстарын бөлу тиімділігін арттырады және осылайша, жергілікті қаржы институттарының шамадан тыс қуат нарығына байланысты бірқатар мәселелерді шешеді. АХҚО елдің қаржы архитектурасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

«Олардың мағынасы бойынша факторларын көркемдеуде, менің ойымша, бизнесті енгізу бойынша қолайлы жағдай жасау нарыққа қол жеткізу және сапалы адами ресурстарының абзал міндеті болады»,-деді инвестор.

Осылайша, Д. Френкельдің айтуы бойынша, жалпы бәсекеге қабілеттілік ерекше қызығушылық білдіреді.

«Менің терең сенімім бойынша, аталмыш факторлар бір-бірінен оқшау қарастырылмайды. Тәжірибе жүзінде, табысқа жету үшін барлық бес іргелі факторларды қамтамасыз ету керек. Бұл іскерлік, нарықтық және технологиялық инфрақұрылым ортасы, нарыққа қолжетімділік, адамдар және жалпы бәсекелестік.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика