Білім беру

Астанада 900 оқушыға арналған қазақ-әмiрлiктер мектебi ашылады

Астанада 900 оқушыға арналған қазақ-әмiрлiктер мектебi ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiндегі елшiсi Қайрат Лама Шариф ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифинг барысында мәлiмдедi.
Астана қаласы27 Мамыр , 17:36

«Биылғы оқу жылында Астанада 900 оқушыға арналған қазақ-әмiрлiктер орта мектебi ашылады. Аталған оқу орны «Әбу Даби плаза» мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесi аралығында орналасады. Мектеп БАӘ Президентi шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қайырымдылық қорынан бөлінетін 13 млн доллар өтеусiз гранты есебiнен бой көтереді», - дедi елшi.

Елші атап өткендей, жақын арада қос мемлекеттiң мегаполистерi – Алматы мен Дубай арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ. Нәтижесiнде ынтымақтастықтың барлық бағыттары дами түседi. Оған сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мен күшейту, бизнес-жоспарлар мен инвестициялық жобаларды бiрлесiп iске асыру, көлiк-логистика және қаржы салаларында тәжiрибе алмасу, бiрлескен мәдени iс-шаралар ұйымдастыру, бiлiм, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жатады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика