Халықаралық интеграция

Қазақстанға БАӘ елінен келетін турситер саны көбейеді

Қазақстанға жақын арада БАӘ елінен келетін турситер қатары көбейеді. Бұл туралы Қазақстанның Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiндегi елшiсi Қайрат Лама Шариф ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифинг барысында мәлiмдедi.
Астана қаласы27 Мамыр , 17:21

«Бiздiң мәлiметке сүйенсек, жыл сайын Әмiрлiктерде жарты миллион қазақстандық демалады. Кейбiреулерi iссапармен барады. Сондықтан, қазiргi таңда алдымызда араб туристерiн бiздiң курорттық аймақтарға тарту мақсаты тұр.», - дедi елшi. 

Оның айтуынша, Қазақстан бiр жарым жыл бұрын әмiрлiк азаматтарын визалық режимнен босатты. Яғни, олар Қазақстанда 15 күн бола алады. Сондай-ақ, қазiргi таңда үш әмiрлiк әуе компаниясы мен «Эйр Астана» әуе компаниясы апта сайын 30 рейс жасайды.

«Әмiрлiктер шетелде демалғанды ұнатады. Таяу Шығыстағы жағдайдан кейiн Шарм-аль-Шейх, Ливан, Сирия сияқты үйреншiктi демалыс орындарының орнына туристер отбасылық демалысын өткiзу үшiн басқа өңiрлердi iздеструге мәжбүр. Осы жағынан Қазақстан өте ыңғайлы», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика