Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Өзін-өзі реттеу тауар мен қызмет сапасын арттыру үшін бизнесте өте қажет – ҚР ҰЭМ

Өзін-өзі реттеу тауар мен қызмет сапасын арттыру үшін бизнесте өте қажет, деді ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева ОКҚ-де өткен «Өзін-өзі ретту туралы» Заңды түсіндірген баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Мамыр , 16:49

«Заң өзін-өзі реттейтін ұйым қызметі жағдайын ерікті және міндетті деп тіркейді. Бірақ, көптеген реттеулер бізде міндетті өзін-өзі реттеу бойынша жүреді. Еріктілер – бұл кәсіпкерлер мен кәсібилердің шоғыры. Бізге бұл бірінші кезекте кездеседі»,-деді Ғ.Жолдыбаева.

Ол міндетті өзін-өзі реттеуде монополиялану тәуекелі бар екен айтты.

«Біз бұл туралы заң қабылданған кезде айтқанбыз. Бүгінгі таңда Өзін-өзі реттеу тауар мен қызмет сапасын арттыру үшін бизнесте өте қажет. Міндетті өзін-өзі реттеу бойынша заңда норма көрсетілген. Яғни, бір жыл ішінде басқарушы органдар салаға сәйкес заң әкелулері керек»,-деді сарапшы.

Осыған байланысты кез-келген өзін-өзі реттеу бірнеше сүзгіден өтуі шарт – ол ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия деңгейінде қаралатын міндетті реттеу жүргізудің сапаттамасы.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика