Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ұлт жоспары: Өзін-өзі реттеу туралы Заң мемлекеттік қадағалаудың жағымсыз әсерлерін жоюға мүмкіндік береді

«Өзін-өзі реттеу туралы» Заң нормалары жөнінде ҚР ҰЭМ-ң кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында түсіндірді.
Астана қаласы27 Мамыр , 16:03

«Ұлт жоспарының 97-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында осы жылдың 15-ші мамырынан бастап «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң жұмыс істей бастады. Бұл заң енгізілетін ауыртпалықты азайтады, мемлекеттік реттеудің жағымсыз аспектілерінен арылтады, сапаны артырады және отандық тауарды бәсекеге қабілеттілігін көтереді, жұмыс пен қызмет, сонымен қатар, тұтынушылардың алдындағы нарыққа қатысушылардың жауапкершілігін арттырады. Заңмен кәсіпкерлік қызметті реттейтін жаңа институт енгізіледі»,-деді Ғ.Жолдыбаева.

Заңға сәйкес өзін-өзі реттеу – бұл заңды және жеке тұлғаның өз қызметтерінде өзін-өзі еркімен реттеуге бағытталған кешенді шара.

Оның сөзіне қарағанда, заңмен ерікті және міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеудің екі түрі анықталған. Ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеумен бірге әрекет етіп, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне заңнамамен белгіленген талаптардан жоғары тәртіп орнатады. Ал міндетті өзін-өзі реттеу салалық заңдармен енгізіледі және мемлекеттік қызметтерді іске асырумен немесе мемлекеттік органдармен орындалатын белгілі бір қызметтерді бөлу қажеттілігімен байланысты.

«Бұл ретте қызметтерді тапсыру нарықтың оған дайын болуына байланысты. Осы мақсатта міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу қажеттігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен міндетті түрде реттеушілік ықпалға талдау жүргізу ескеріледі», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика