Инвестициялар

Қазатомөнеркәсіп пен Камеко «Инкай» БК қайта құру туралы Келісімге қол қойды

Аталған Келісім шеңберінде, канадалық «Камеко» корпорациясы мен Қазатомөнеркәсіп әлемдік металл нарығындағы тұрақсыздықты, Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық ахуалды ескере отырып, екіжақты тиімді әріптестікті 2045 жылға дейін жалғастыруға ниетті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Мамыр , 20:04

Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында қол қойылған құжат алдағы 30 жылда іске асырылатын бірлескен жобаларды айқындайды. Нақты айтқанда, жер қойнауын пайдалану келісімі ұзартылып, Қазатомөнеркәсіптің «Инкай» БК» ЖШС-гі  үлесі 40-тан 60 пайызға дейін артады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев атап өткендей, «Қазатомөнеркәсіп пен Камеко әріптестігі ұзақ жылдар бойы екіжақты тиімді әрі жемісті іскерлік қатынас орнатудың үлгісіне айналды. Сол себепті біз әріптестігімізді қазіргі экономикалық мүдделерді ескере отырып жалғастыруға ниеттіміз». 

«Бұл келісім біздің Қазатомөнеркәсіппен әріптестігімізді нығайтып, Инкай кәсіпорынының инвестициялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді» - дейді Камеко президенті Тим Гитцел. Құжат «Камеко» компаниясына шығыны аз өндіріс құру бойынша стратегияны іске асыруға көмектеседі. Бұл өз алдына қазіргі уран нарығындағы коньюнктура тәуекелдерін азайтып, біздің позициямызды нығайтуға септігін тигізеді».

Сондай-ақ, аталған Келісім шеңберінде бірлескен аффинажды өндіріс құру шарттары бекітілген.  Нақты айтқанда, Камеко компаниясы Қазатомөнеркәсіпке аффинаж және конверсия бойынша өз технологиясын өтеусіз пайдалануға беруге дайын. Сонымен қатар, екі тарап аффинажды зауыт құрылысын бастау туралы шешім, техникалық-экономикалық негіздеме жасалып болған соң қабылданады деген ортақ мәмілеге келді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика