Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазпочтада Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті (ФОТО)

«Қазпочта» АҚ Орталық кеңсесінде Парламент Сенаты мен Мәжілісі өкілдерінің, қоғамдық қайраткерлердің, журналистердің, зейнеткерлер мен кәсіподақтардың қатысуымен Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Мамыр, 19:23

«Қазір біздің компаниямызда Трансформация бағдарламасы барынша толық қарқынмен жүріп жатыр. Оған біздің қызметкерлеріміз белсенді қатысып келеді, алайда біз көпшілік қауымды да тартудамыз», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин. – «Сондықтан біз Қазпочтаны ары қарай дамытуды талқылау жөніндегі сұхбаттасу алаңы болатын Қоғамдық кеңес құру туралы бастама танытқан болатынбыз».

Компанияның атқаратын қызметіне, бизнес-үрдістеріне жұртшылықты тарту және олардың осы үрдістерге қатысу, тұрғындарға қызмет көрсету, әлеуметтік бағдарламалар сапасын жақсарту, сондай-ақ компанияның қаржылық-пошталық қызметінің алдағы уақыттағы трансформациясы – Кеңесті құрудың негізгі мақсаттары болып табылады.

Қоғамдық кеңестің Бірінші отырысы республикамыздың барлық аймақтары бойынша шамамен 300 бөлімше қосылған, бейне мониторинг жүйесімен жабдықталған Қазпочтаның Ситуациялық орталығында өтті. Қатысушыларға аймақтармен жасалатын бейне байланыс арқылы электронды кезек, нақты уақыт тәртібінде тұрғындарға қызмет көрсету, сонымен қатар компанияның жаңа технологиялары мен көрсетілетін қызметтері бойынша презентация көрнекі түрде көрсетілді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика