Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» басшылығымен кездесті

Шетелдік инвесторлар Кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дженерал Электрик Ойл энд Газдың» бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:17

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, отандық локомотивті құрастыруды дамыту мен жаңғырту бойынша ынтымақтастықтың перспективалары сөз болды.

Мемлекет басшысы Л. Симонеллиге өзара іс-қимыл жасаған жылдардағы тиімді бірлескен жобаларды атап өтіп, шетелдік инвесторлар Кеңесінің кезекті отырысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Н.Назарбаев сонымен қатар,компанияның Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы серіктестікті кеңейтудің маңыздылығын айтып, бұл сала бойынша да ынтымақтастықтың сәтті болғанына көңіл аударды.

Л. Симонелли Қазақстан Президентінің қабылдағанына алғысын білдіріп, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аясында құрылған жоспарлардың тиімді жүзеге асырылуына сәттілік тіледі. 




Яндекс.Метрика