Өңірлер

Павлодар облысында 740 жазғы демалыс лагерін ашу жоспарланған

Жазғы каникул кезінде 75,7 мың оқушының демалысы мен сауықтырылуы ұйымдастырылса, 12,4 мың оқушы жұмысқа орналастырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар27 Мамыр , 20:41

Облыстық мектептердің 1-10 сыныптарында оқитын оқушылардың 98,9 пайызы қамтылады.

Жазғы демалыс кезінде 741 лагерь ашылады деп күтілуде: олардың ішінде 345 мектеп жанындағы лагерьлер, 375 бейіндік, 10 қала сыртындағы, 6 киіз үй және 4 көшпелі лагерь бар.

Қазіргі таңда Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының сыртында балалар дем алатын лагерьлер жоқ. Сонымен қатар, Шарбақты ауданындағы «Чайка» лагері жұмыс істемей тұр.

 

 

 




Яндекс.Метрика