Өңірлер

Павлодар облысында БЖК бағдарламасын жүзеге асыру үшін 4,2 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар27 Мамыр , 16:34

Ағымдағы жылдың 23-ші масмырындағы жағдай бойынша облыста 712 жоба сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде және 120 жоба несиені кепілдендіру түрінде мемлекеттің қолдауына ие болды.

2016 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 38 субсидиялау жобасы жалпы сомасы 2,4 млрд. теңге құрайтын несие алды, 18 жоба бойынша 123,3 млн. теңге көлемінде кепілдік келісімшарттары жасалды.

Қазіргі таңда қалалар мен аудандардың арасында субсидиялау жобаларының ең көп деңгейі – мақұлданған жобалардың 91,1 %-ы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына тиесілі.

Бірыңғай бағдарлама жүзеге асырыла бастаған кезеңнен бері инфрақұрылымдарды тарту бойынша жалпы құны 8,9 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба мақұлданды.

2015 жылы 2014 жылдан қалған 3 жоба бойынша инженерлік инфрақұрылым желілері тартылды. Үстіміздегі жылы Ұлттық қордан 4 жоба бойынша инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 1 012,9 млн. теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика