Инвестициялар

ЕҚДБ Қазақстанда «жасыл» қаржы жүйесін зерттеуді қаржыландырады

Шетелдік инвесторлар Кеңесінің аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов пен ЕҚДБ президенті Сумантра Чакрабарти Қазақстанда «жасыл» қаржы жүйесін дамыту бойынша зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы27 Мамыр , 14:18

Қазақстан үшін алдын ала «жасыл» қаржы жүйесін дамыту бойынша зерттеу 2016 жылы басталып , 2017 жылы аяқталады деп күтілуде. Тараптар зерттеу нәтижесінде, қадағалау комиссиясына кешенді стратегия және оны жүзеге асырудың жоспары ұсынылатын болады деп болжамдауда.

Зерттеу «жасыл» технологиялар саласындағы инвестициялар үшін сұранысты бағалайтын болады, ағымдағы заңнамадағы кемшіліктерді анықтайды, сонымен қатар «Жасыл» қаржыландыру үшін стандарттарды енгізу бойынша ұсынымдар береді.

«АХҚО өз алаңында «жасыл» қаржыландыру құралын іске асыруды жоспарлауда. Бүгінгі күні біз екпінді дамуды көрудеміз. Осыған орай, «Астана ЭКСПО-2017» жоғары технологиялық алаңы «жасыл» технологиялардың ғылыми-зерттеу саласында физикалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге ниетті, сол уақытта АХҚО оның қаржы құраушысы ретінде қатыса алады»,-деді Қ.Келімбетов.

Қазақстан бойынша ЕҚДБ директоры Джанет Хекман өз сөзінде Еуропалық қайта құру және даму банкі «жасыл» технологиялар саласындағы ірі инвестор болып табылатындығын айтып өтті.

«Қазақстанда, біз энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздерін қолдау үшін барлық күш-жiгерді жасаймыз. Сонымен қатар, біз мемлекетке «жасыл экономика» атты өз бағдарламалырында қаржыландыру жолын табуға көмек береміз және АХҚО болашақта өздерінің бірегей жобаларының арқасында «жасыл» қаржы жүйесін басқара алады деп есептейміз»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Астанада ҚР Президентінің төрағалығымен XXIX Шетелдік инвесторлар Кеңесінің пленарлы отырысы өтті, отырыс барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы талқыланды.




Яндекс.Метрика