Инвестициялар

Елбасы: Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясында 5 жылда 9 млрд инвестиция тартылады

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясында 5 жылда 9 млрд инвестиция тартылады, ол кәсіпкерлікті, қаржы саласы мен инфрақұрылым, электр энергиясын дамытуға бағытталады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 13:57

«Біздің елде  жұмыс істейтін  сарапшылар мен инвесторлардың бағасы бойынша бүгінде Қазақстанда инвестиция саласында үздік жағдай жасалған. Мәселен, үздік шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық аясында – Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі.Алдағы 5 жылда біздің келісімжерге сәйкес 9 млрд доллар кәсіпкерлікті, қаржы саласы мен инфрақұрылым, электр энергиясын дамытуға бағытталады. Біздің өңірде қаржы институттарының сеніміне біз сияқты ие болған ешкім жоқ», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы өтіп жатыр. Отырыстың биылғы тақырыбы – «Астана – халықаралық қаржы орталығы».

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика