Халықаралық интеграция

Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXX отырысы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығында өтеді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXX отырысы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығында өтеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы 27 Мамыр, 13:32

«Қазақстан үшін алдағы онжылдықтың мақсаты экономикалық дамудың жаңа моделін қалыптастыру болып табылады. Ол 30 дамыған ел қатарына енуді қамтамасыз етеді. Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме қалашығында өткізу көзделген. Оның тақырыбы «Жаңа энергетика» деп белгіленді», - деді Елбасы.

Айта кеткен жөн, Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы консультативтік орган ретінде құрылған болатын. Аталмыш кеңес елімізде жұмыс істейтін инвесторларға Президент және Үкіметпен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң іспетті. Биылғы отырысқа Еуропа қайта құру және даму банкі, Chevron, ERG, Metro Cash&Carry, JP Morgan & Co., Citigroup, Baker & McKenzie, Ernst & Young, Lukoil және тағы басқа компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. 

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика