Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Қазақстан экономиканы әртараптандыру бағытын күшейтуде (ФОТО)

Қазақстанда экономиканы әртараптандыру күшейтіле бастады, құрылымдық реформаларды өткізу, әлеуметтік тұрақтылықты қамту күшейтілді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы 27 Мамыр, 13:04

«18 жыл ішінде кеңес бірқатар өзекті, маңызды мәселелерді талқылап келеді. Бірінші отырыстарда біз мемлекеттік қызметкерлердің нашар қызметі туралы айтып, оларды жөнге келтіру керектігін айтқан болатынбыз. Біз сіздердің кеңестеріңізді ескеріп, бұл істі жүзеге асырдық. Біз салық салу, ҚР Үкіметімен өзара байланыс мәселелерін талқыладық. Біз бұл туралы бүгін талқыламадық, себебі олар шешілді», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде әлемдік экономикадағы  күрделі жағдайда кеңес  кеңес өткізуде, Қазақстан оған қоса экономиканы әртараптандыруды күшейтуде.

«Өздеріңізге белгілі болғандай, өткен жылдан бері жаһандық экономикалық тұрақсыз өсім жағдайында Қазақстан экономикасы да айтарлықтай бәсеңдеп қалды. Бұл жағдайда экономиканы жаңа жағдайға бағыттау жұмыстары басталды. Экономиканы әртараптандыру бағыты қолға алынды», - деді Елбасы.

«Бүгінде алтын валюта қорының резерві 95 млрд долларды құрайды, ол елдің  ЖІӨ көрсеткішінің жартысынан жоғары», - деді Н.Назарбаев.

Анар Тәңірқұлова

Сурет:  Азамат  Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика