Білім беру

Энергетика министрлігі: Студенттерді жұмыспен қамту – дуальді білім берудің басымдылығы

Студенттерді жұмыспен қамту – дуальді білім берудің басымдылығы, деді ОКҚ-да Энергетика министрлігі мұнай өндірісін дамыту департаменті директорының орынбасары Бақыт Маханов.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:53

«Қазақстанның   өндірістік  техникалық және технологиялық  паркінің   экономиканы дамытудың инновациялық  бағытына сәйкес  түбегейлі өзгеруі  меморгандар мен ұлттық компаниялардан  техникалық кәсіптік кадрды дайындауды талап етеді. Бұл орайда энергетика министрлігі мұнай компанияларымен ынтымақтасады», - деді ол.

Дуальді оқытуды қолдаған алғашқы компаняилар болып «Қазмұнайгаз», «Қазмұнайгаз» барлау және өңдеу» компаниялар тобы, Мұнай және газ институты, Қазақ – Британ техникалық университеті болды.

«Дуальді білім беру жүйесі кәсіптік білім беруге тікелей қатысуды білдіреді. Дайындалған кадрлар білім алған соң еңбек ұжымына кіріп, қажетті біліктілкке ие бола алады», - деді Б.Маханов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика