Инновациялар

Шетелдік инвесторлар Қазақстанның Үкіметіне бірқатар ұсынымдар ұсынды

Шетелдік инвесторлар «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» Ассоциациясының басқарма төрағасы Ульф Вокуркидің атынан Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесінде Қазақстанның Үкіметіне бірқатар ұсынымдар ұсынды. Аталмыш ұсынымдар кеңес мүшелерімен қарастырылды.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:49

Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша, шетелдік инвесторлар бірнеше ұсыныстарды қарастырды: біріншіден: салық бұзушылық қылмыстарын өткізу, нақты айта кеткенде, салықтар мен айыппұлдарды ерікті төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықты алып тастау. «Компания инвесторларының қызметкерлерін ұсақ салық құқықғын бұзушылығы үшін қылымыстық жауапкершілікке алу проблемалы мәселе болып қала береді. 20 мың АЕК шамамен 42 млн теңге немесе 126 мың доллар және олар төленбеген жағдайда қылмыстық іс қозғауға негіз болады. Көптеген шетелдік инвесторлар ірі салық төлеушілер болып келеді және есептеу кезінде аз ғана кеткен қателік қарыздыққа алып келеді және оның нәтижесінде автоматты түрде қылмыстық жауапкершілікке соғады. Бюджетке деген зақым салықпен төленген сомамен қайтарылады»,-деді У. Вокурка.

Екінші ұсыным, ол - жедел мәселелер бойынша екі мамандандырылған топқа бөліп, бірлескен жұмыс тобының мүмкіндігін қарастыру, осыған орай өздерінің жұмыс топтары құрылады – біріншісі, еңбек заңнамасы бойынша, екіншісі, энергетика, экология және мұнай-газ секторы бойынша. Тиімді жұмысты орнықтыру үшін аталмыш топтарды министрлікке бекітуді ұсынамыз.

«Үшінші – АХҚО аясында дамудың мүмкіндіктерін қарастыру, сонымен қатар климаттың өзгеру салдарын азайтуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру бойынша механизмді дамыту»,-деді ол.

Сонымен қатар, У. Вокурка 2018 жылдың басталуына дейін толық ауқымды құқықтық және нормативтік базаны дайындау үшін жеткілікті сарапшылар мен қаржы ресурстарын қарастыру мүмкіндіктерін ұсынды, сонымен қатар АХҚО үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды қарауды ұсынды.   

«Бесіншіден: табысты жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы нарығы арқылы жоғары өтімді капитал нарығын талап етеді»,-деді ол.

Өз кезегінде ҚР Президенті Н.Назарбаев үкіметке, тиісті ведомстволарға, Қазақстанның министрліктеріне ұсынымдарды мұқият қарап шығу туралы тапсырмасын берді.

«Олар тәжірибелік және ұтымды болып табылады және шетелдік инвесторларға жағдай жасайды»,-деді Мемлект басшысы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика