Халықаралық интеграция

Қ.Келімбетов: АХҚО жергілікті сараптаудың орталығына айналуы керек

Астана халықаралық қаржы орталығы жергілікті сараптаудың орталығына айналуы керек, деді Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:42

«АХҚО жергілікті сараптаудың орталығына айналып, адами капиталдың өсуіне себепші болуы керек, әлемдік үздік сарапшыларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауы керек», - деді ол.

Оның айтуынша, АХҚО негізінде біліктілікті арттыру, сертификаттау, белгілі салалардағы зерттеу  бағдарламаларына назар аударылатын болады.

«Қазақстан жаһандық инвесторлар үшін инвестициялық алаңға айналуға дайындалуда. Бұл мақсатқа жету үшін Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерін  АХҚО имиджін қалыптастыруды нығайтуға белсенді үлес қосуларын сұраймын», - деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика