ҚР Президентінің Жолдауы

ПМХЗ 3 жыл ішінде дуалды оқытуға шамамен 170 млн теңге жұмсады

Павлодар мұнай-химия зауыты 2013-2016 жж. дуалды оқытуға шамамен 170 млн теңге қаражат жұмсады, деп бағалау және персоналды дамыту сектор бөлімінің бастығы, ПМХЗ оқу орталығының басшысы Людмила Пак ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:32

«ПМХЗ» ЖШС базасында дуалды оқыту түрін бастау ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы атты Жолдауы себеп болды. Мемлекет басшысы дәл осы құжатта кәсіптік даярлықты реформалау жолын анықтады және ол жерде дуалды оқыту бағдарламасы енгізіледі. Оның тізімінде ПХМЗ бар. 2012 жылдың 12 қыркүйек айында ПХМЗ мен Павлодар химия-механикалық колледжі және Павлодар облысының білім беру басқармасымен әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты келісім жасалды. 2013 жылы зауытымызға екі негізгі мамандықтар бойынша оқитын 48 студентті қабылдадық»,-деді  Л. Пак.

Оның айтуы бойынша, жүктемені студенттер зауытта орындайды, ал 40 %-ын колледжде оқиды.

«Біз әрбір дуалды білім алатын студентпен келісім жасастық, соған орай, әрбір тағылымдамадан өтуші еңбек жасаған сағатына орай жалақысын алады. Егер бастапқы кезде ол  - 35 280 теңге болса, қазіргі күні ол – 56 728 теңгені құрайды. 2013-2016 жылдарға арналған дуалды оқытудың шығыны шамамен 170 млн теңгені құрады. Практикадан өтушілерді оқыту үшін зауыт оқу палигонын дайындады, палигон барлық керекті құрал-жабдықтармен жасақталған»,-деді Л. Пак.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика