Халықаралық интеграция

Қ.Келімбетов: АХҚО инвесторлары бірқатар салықтан 50 жылға босатылады

АХҚО-да бизнес енгізу үшін инвесторларға пайызсыз көмек көрсетіледі, ол посткеңестік кеңістікте кездеспейтін жүйе болмақ, бірқатар салықтан 50 жылға дейін босатылу, еңбек және визалық режимнің жеңілдеуі, деді Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:26

«Қазақстан Президентінің АХҚО құру бойынша бастамасы құрылымдық реформалардың маңызды бөлімі болып саналады. Ол экономиканың әртараптануы мен елдің қаржы жүйесін жақсартуға бағытталған», - деді ол.

АХҚО басты мақсаты Қазақстанда   жаһандық инвесторларды а тарту бойынша жетекші халықаралық орталықты қалыптастыру болып табылады.

«АХҚО-да бизнес енгізетін инвесторларға пайызсыз көмек көрсетіледі, ол посткеңестік кеңістікте кездеспейтін жүйе болмақ, бірқатар салықтан 50 жылға дейін босатылу, еңбек және визалық режимнің жеңілдеуі енгізіледі. Сондай-ақ, АХҚО үшін «Астана ЭКСПО-2017» алаңынан жоғары жабдықталған кеңсе ұсынылады», - деді ол.




Яндекс.Метрика