Басқару

Алматыда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 13 жоба мақұлданды

Алматыда аймақтық Үйлестіру кеңесінің отырысында 13 жаңа жобаны жүзеге асыру мақұлданды, деп хабарлайды әкімдік.
Алматы қаласы27 Мамыр , 20:26

Олардың ішіндегі сомасы 4,2 млрд. теңге болатын 4 жаңа жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, 2015-2019-шы жылдарға арналған Алматы қаласының кәсіпкерлерді қолдау Картасы бойынша Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында сомасы 41,8 млрд. теңге болатын 6 жоба бар. Ол 885 жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, республикалық индустрияландыру Картасы аясында Алматы қаласынан сомасы 56,9 млрд. теңге болатын тағы 4 жоба ұсынылды. Бұл жоба бойынша 1 300 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Осылайша, Алматы қаласының кәсіпкерлерді қолдау Картасы бойынша екінші бесжылдыққа 166,6 млрд. теңгенің 61 жобасы қосылып отыр. Бұларда 10 мың жаңа жұмыс орыны құрылады. Бірінші бесжылдық жобаларының санымен салыстырғанда 3 есеге артып, жұмыс орыны 3,5 есеге көбейген. Жобалардың 60 %-дан астамы жеке қаржы есебінен жүзеге асса, оның төрттен бір бөлігі шетелдік инвестиция есебінен іске асырылған. БЖК туралы айтқанда 2016-шы жылдың басынан бері бағдарлама енген жобалардың жалпы саны 84 құрап отырғанын айта кеткен жөн.

Тағы бір атап өтер жайт, мақұлданған жобалар жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен машина құрылыс секторлары.




Яндекс.Метрика