Инвестициялар

Лакталис пен Меггле компаниялары республика өңірлерінде АӨК саласында 9 ірі жобаны жүзеге асырады

Француз компаниясы Лакталис пен Меггле неміс компаниясы сүт өнімін өңдеу бойынша ел өңірлерінде 9 ірі жобаны жүзеге асырады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:19

«Бүгінде бізде 200 шетелдік инвестор өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.  Олардың әлеуетті инвестициясы 40 млрд долларды құрайды. 200 белсенді жоба агроөндірістік кешеннің 60 саласында жұмыс істейді», - деді Ә.Исекешев.

Бүгінгі таңда министрдің айтуынша, Лотте, Лакталис, Меггле және Cremonini компаняларымен жұмыс жүргізілуде.

 «Лотте корейлік компания конжитер өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашса, француздық Лакталис пен немістің Меггле компаниялары сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша ірі 9 жобаны ел өңірлерінде жүзеге асырмақ», - деді ол.

Ведомство басшысы атап өткендей, бұл жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігімен жалғасатын болады.

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика