Халықаралық интеграция

Қазақстанда 2016 жылы қаржы технологиялары бойынша FinTech орталығы пайда болады

Қазақстанда бір жыл ішінде американдық Materia жаңа материалдар мен қаржы технологиялары компаниясы мен FinTech қаржы технологиялары бойынша орталық, IBM компаниясымен біріккен орталықтар іске қосылады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:16

«Дәстүрлі салаларға жаңа технологиялардың әсер етуі бойынша  индустрия технологиясын енгізетін  ірі жаһандық ойыншылармен ынтымақтастықты жүзеге асыру басталды. Осы жылы американдық McKinsey  және  Google компанияларымен бірігіп тау-металлургия саласында технологиялық компетенциялар орталығын құру қарастырылған. Бір жыл ішінде американдық Materia жаңа материалдар мен қаржы технологиялары компаниясы мен FinTech қаржы технологиялары бойынша орталық, IBM компаниясымен біріккен орталықтар іске қосылады», - деді Ә.Исекешев,.

Министр атап өткендей, біз халықаралық индустриалды интернет консорциумы IIC-мен белсенді ынтымақтастық жүргізудеміз.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика