Халықаралық интеграция

С.Чакрабарти: АХҚО реформаларды өткізу мен отандық қаржы секторын дамыту үшін зәкір ретінде қызмет етуі тиіс

АХҚО отандық қаржы секторын дамыту мен реформаларды өткізу үшін зәкір ретінде қызмет етуі қажет. АХҚО ұлттық жекешелендіру үшін платформа бола алады. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти ҚР Президенті жанындағы XXIX шетелдік инвесторлар Кеңесінде мәлім етті.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:11

«Біз Стамбулдағы, Мәскеудегі қор биржаларын белсенді инвестицияладық, сол себепті, әрине АХҚО қолдауына қызығушылық таныттық. Біздің оймызша, АХҚО реформаларды өткізу мен отандық қаржы секторын дамытуда зәкір ретінде қызмет атқаруы тиіс. Кейбір қаржы орталықтары, мысалы, Дубайдағыны алатын болсақ, қызметті ішкі отандық қаржы секторынан бөлек ұстау туралы шешімін қабылдаған. Алайда, біздің оймымызша, АХҚО мен отандық нарық бірге өсуі керек және осы мәселе бойынша алдағы уақытта жұмыс жасайтын боламыз»,-деді ол.

С. Чакрабарти өз сөзінде, ҚР Ұлттық банкі мен «Сити Юкей» ЕҚДБ арасындағы өзара түсінушілік туралы қол қойылған  меморандум АХҚО-ның нормативтік-құқықтық базасын құру, стратегиялық және тағы басқаларды құру үшін қолдауын көрсетті.

«Осы меморандум аясында ЕҚДБ нарық капиталы, ақша нарығы, корпоративтік басқару салаларында тиісті нормативтік-құқықтық базаны құруға көмектеседі. Біздің сарапшылар АХҚО тобымен қор биржасы мен капитал нарығын дамыту бойынша семинарлар өткізді. Қаржыландырудың жартысы Қазақстанда жергілікті валютада қолданылады. АХҚО ұлттық жекешелендіру үшін платформа бола алатындығы өте маңызды. Кейбір мемлекеттік компаниялар АХҚО биржасына шығарылатын болады, және біз ол жекешелендіруді қолдауда қызығушылық танытамыз»,-деді ол.

Сонымен қатар, С. Чакрабарти ЕҚДБ астаналық тобы АХҚО-ға көшетіндігін айтып өтті.

«Біз білеміз, АХҚО Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің алаңында орнығады. Көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Біздің ойымызша бұл керемет алаң, керемет тақырып»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика