Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: ШЫҰ даму Банкін құру қыркүйекте Бішкектегі кездесуде талқыланады

2016-шы жылдың қыр күйегінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердің қаржы министрлерінің кездесуі өтеді. Онда олар ШЫҰ даму Банкін құру мәселесін талқылайды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанадағы Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау басшыларының үшінші кездесуі барысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:07

Е.Ыдырысовтың сөзінше, ШЫҰ-на мүше мемлекеттер сияқты Қазақстан үшін де ұйымдардың сауда-экономикалық өлшемі перспективалы әрі маңызды болып табылады. Экономикалық сауда қызметін қаржылық қамтамасыз ету тетігін құру бойынша үлкен жұмыс жүргізу керектігі туындап отыр.  

«Бұл жерде әңгіме ШЫҰ даму Банкін құру төңірегінде өрбіп отыр. Сенімді қаржылық қамтамасыз етусіз экономикалық қызметтің сәтті болатынын айту қиын. Сондықтан, біз бұл қаржылық тетікті құру бағытын күшейттік. Ең бірінші кезекте бұл ШЫҰ даму Банкін құру бойынша іздеу консенсусы. Сол үшін осы жылдың қыркүйегінде Бішкек қаласында қаржы министрлерінің жеке кездесуі өтеді»,-деді министр

Ол сонымен қатар, ұйым мемлекет басшылары Саммитінде 2025-ші жылға дейінгі ШЫҰ-ң даму декларациясы қабылданатынын хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, маусым айнда Шаңхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекет басшыларының саммиті өтеді. Саммитте ұйымның 15 жылдығына мән берілетін болады. Үш күн бұрын Ташкентте ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. Біз саммит отырысының күн тәртібін дайындадық. Саммитте 2025-ші жылға дейінгі ШЫҰ-ң даму декларациясы қабылданатын болады»,-деді Е.Ыдырысов.




Яндекс.Метрика