Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2016 жылы 30 шетелдік инвестор Қазақстанда жаңа кәсіпорындарды іске қосады

2016 жылы 30 шетелдік инвестор Қазақстанда жаңа кәсіпорындарды іске қосады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы XXIX шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:03

«Бізде бүгінде 200  шетелдік инвестор  өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. Олардың инвестициялары 40 млрд долларды құрайды. Алғашқы нәтижелер де бар. Осы жылы 30 инвестор жаңа істерін іске қосады», - деді Ә. Исекешев.

Ведомство басшысы атап өткендей, трансұлттық компаниялармен жұмыс істеуге аса назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда 40 бастама бар.

«Әрбір трансұлттық компаняи бойынша шаралар жоспары бар, оларға бақылау жүргізіліп отырады. Мәселен, Маңғыстау облысында итальяндық Tenaris компаниясы жаңа мұнай құбырын  іске қоспақ. Еурохим осы жылы мұнай құбырын іске қосуды жоспарлап отыр», - деді о.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика